Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Ankara °C

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді
REKLAM ALANI
10.11.2023
A+
A-

 

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

2023 жылғы 09 қараша

 

 

 

 

Екіжақты келіссөздер аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін бірлескен мәлімдеме жасады.

 

 

 

 

Қазақстан Президенті ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарттың 10 жылдығы қарсаңында өтіп жатқан Ресей Президентінің ресми сапарының мән-маңызы айрықша екенін атап өтті.

 

– Ресей – Қазақстанның стратегиялық серіктесі және одақтасы. Ортақ тарихқа, берік достыққа, өзара құрмет пен сенімнің мызғымас құндылықтарына сүйене отырып, біз көптеген сала бойынша өзара мүддені жүзеге асырудың айқын дәлелі саналатын мемлекетаралық қатынасты жолға қойдық. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Қазақстан Ресеймен арадағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды көздейтін стратегиялық бағытқа бейілді екенін растағым келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

 

Мемлекет басшысының айтуынша, келіссөздер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа ерекше мән берілді.

 

 

– Ресей Қазақстанның ірі сауда-экономикалық серіктесі мәртебесін сенімді түрде сақтап келеді. Соңғы үш жылда елдеріміз арасындағы өзара сауда көлемі 30 пайыздан астам өсті. Былтыр тауар айналымы, Қазақстан статистикасы бойынша, 27 миллиард долларды құрады. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Биыл да оң динамика сақталып отыр. Сегіз айдың қорытындысы бойынша сауда-саттық көлемі 17 миллиард долларға жетті. Жалпы, өзара тауар айналымын одан әрі арттыру үшін зор мүмкіндік бар. Осы орайда екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстардың айтарлықтай жанданғаны байқалады. Ресейлік компаниялар Қазақстан экономикасындағы жетекші инвесторлардың бестігіне кіреді. Олар жалпы 20 миллиард доллардан астам инвестиция салды. Осы жылдың бірінші жартыжылдығында ғана Қазақстан экономикасына тартылған ресейлік инвестиция көлемі бір миллиард доллардан асты. Бұл өткен жылғы деңгейден 20 пайызға көп. Өз кезегінде Қазақстанның Ресейге салған инвестициясының көлемі 6 миллиард долларға жетті. Бұл екіжақты процесс екені қуантады, – деді Мемлекет басшысы.

 

Сонымен қатар келіссөздер барысында өзара тиімді өндірістік кооперацияның перспективалары егжей-тегжейлі қарастырылды. Президенттің айтуынша, бүгінде бірлескен жобалар пулы 143-ке дейін көбейіп, жалпы инвестиция көлемі 33 миллиард доллардан асты. Екі елдің үкіметтеріне жобаларды сапалы іске асыру үшін жүйелі жұмыс жүргізу тапсырылды.

 

 

 

 

Бұдан бөлек, екі ел басшылары энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселесін және ірі мұнай-газ жобаларының жүзеге асырылу барысын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстік бағыттарға Ресей газын жеткізу жобасын одан әрі дамыту, Қазақстан арқылы Қытайға тасымалданатын Ресей мұнайының транзит көлемін ұлғайту, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумының (КҚК) тұрақты жұмысын қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.

Келіссөздер барысында көлік-транзит саласына ерекше назар аударылды. Президенттер екі елдің аумағы арқылы өтетін көлік дәліздерін үйлесімді дамыту ісіне күш салуға уағдаласты.

 

 

 

Екі ел басшылары бұған дейін өзінің тиімділігін көрсеткен жыл сайынғы өңіраралық форум өткізуді жалғастыру қажет екеніне тоқталды. XIX Өңіраралық ынтымақтастық форумының негізгі тақырыбы ауыл шаруашылығын дамытуға арналды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екі елдің агроөнеркәсіп саласындағы тауар айналымы 24 пайызға артып, 3,6 миллиард долларға жетті. Форум аясында Қазақстан мен Ресейдің аймақтары мен кәсіпкерлері арасында көптеген келісімге қол қойылды. Сонымен қатар өзара тиімді жобаларды жүзеге асыру жөнінде нақты бастамалар көтерілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздер барысында денсаулық сақтау, энергетика, ауыл шаруашылығы, спорт және басқа да салалардағы серіктестікті нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды құжатқа қол қойылғанын жеткізді. Мемлекет басшысының айтуынша, аталған уағдаластықтардың толыққанды жүзеге асырылуы Қазақстан мен Ресей азаматтарының тұрмыс сапасын жақсартуға оң септігін тигізеді.

 

 

 

 

Президент мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту мәселесіне арнайы тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, екі елдің мәдениет күндерін ұйымдастыру, өнер, білім және ғылым салаларындағы ынтымақтастық, зиялы қауым арасындағы байланыстарды кеңейту, сондай-ақ ортақ тарихи мұраны сақтау секілді кешенді жұмыстар атқарылады. Тараптар Қазақстан мен Ресей жоғары оқу орындарының филиалдарын екі елде ашу мүмкіндіктерін қарастырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин аймақтық және жаһандық деңгейдегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Сондай-ақ олар негізгі халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік бар екенін атап өтті.

– Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске және біздің Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалығымыз кезінде қолдау көрсеткені үшін Ресей тарапына ризашылығымызды білдіреміз. Біз өңірдің қарқынды дамуы екі ел халықтарының түпкі мақсаттарына сай келеді деген ортақ пікірді ұстанамыз. Қазақстан халықаралық міндеттемелерін берік сақтайды және мүдделі мемлекеттермен өзара тиімді қарым-қатынасты дамытуға бейілді, – деді Мемлекет басшысы.

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Владимир Путинмен жүргізілген келіссөздер нәтижесі Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілік және одақтастық байланыстарды жан-жақты нығайтуға екі тараптың да ниетті екенін растады.

Өз кезегінде Владимир Путин Қазақстанға сапармен келуге шақырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің перспективаларына тоқталды.

– Бүгінгі келіссөздер, шын мәнінде, іскерлік әрі конструктивті сипатта өтті және өте нәтижелі болды. Біз екіжақты қатынастар жөнінде жан-жақты пікір алмасып, министрліктер, ведомстволар және ірі компания басшыларының Ресей-Қазақстан ықпалдастығының негізгі бағыттары туралы баяндамаларын тыңдадық. Қол қойылған Бірлескен мәлімдемеде және қабылданған Қазақстан мен Ресейдің бірлескен іс-қимыл жоспарында жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтудың аса зор міндеттері айқындалды. Бұған осы күндері қол қойылған үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттар ықпал етеді. Онда саясат, қауіпсіздік, экономика, мәдени-гуманитарлық және ынтымақтастықтың басқа да көптеген бағыттары қамтылған. Сапар барысындағы бірлескен жұмысымыздың нәтижесі Ресей мен Қазақстан арасындағы көпжақты қатынастарды халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі дамытуға ықпал ететіні сөзсіз, – деді Ресей Президенті.

 

 

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздерден кейін мынадай құжаттарға қол қойды:

1. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шартқа қол қойылғанына он жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің бірлескен мәлімдемесі;

2. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 2024-2026 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары.

 

Сондай-ақ Ресей Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында келесі құжаттарға қол қойылды:

1. Қазақстан Республикасында «Көкшетау», «Семей» және «Өскемен» жылу электр орталықтарын салу жобалары бойынша Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі арасындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

 

 

 

 

2. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған Дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары;

3. Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы кеден қызметтері өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ресей Федерациясы Федералдық кеден қызметінің 2024-2025 жылдарға арналған өзара іс-қимылы бойынша іс-шаралардың бірлескен жоспары;

4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті мен Ресей Федерациясы Федералдық еңбек және жұмыспен қамту қызметі арасындағы еңбек инспекциясы мәселелері бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» мен «Информационное телеграфное агентство России» (ИТАР-ТАСС) Федералды мемлекеттік унитарлық кәсіпорны арасындағы ақпараттық серіктестік туралы келісім.

 

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/kasym-zhomart-tokaev-pen-vladimir-putin-bak-okilderi-ushin-brifing-otkizdi-9104430

 

 

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.