Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Ankara °C

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады
REKLAM ALANI
12.08.2022
A+
A-

 

 

 

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады

2022 жылғы

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасының еліміздегі сот төрелігінің қазіргі ахуалы туралы баяндамасын тыңдады.

Жақып Асанов қылмыстық процесте ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша ақтау үкімдерінің саны 7 есе артқанын жеткізді. Құқық қорғау органдары қамауға алуға қатысты әрбір бесінші іске санкция ала алмаған. Әрбір үшінші шағым бойынша соттар тергеушілер мен прокурорлардың әрекеттерін заңсыз деп таныған.

Президентке азаматтық даулар бойынша жұмыс тәсілінің өзгергені баяндалды. Соттар әкімдіктермен бірлесіп, дауларды шешудің соттан тыс институттарын дамытып келеді. Даусыз талап арыздар нотариустарға берілген және арбитраждардың, медиаторлардың, заң консультанттары мен еңбек инспекторларының құзыреттері кеңейтілген. Нәтижесінде, 4 жыл ішінде сотқа түсетін талап арыздар саны 2,5 есеге – 900 мыңнан 340 мыңға дейін азайған. Соттағы татуласумен аяқталған істер 37 пайызға дейін артты.

Биыл 1 тамыздан бастап аумақаралық соттылық енгізілді. Істер автоматты түрде судьялардың мамандануын ескере отырып, бір соттың ішінде емес, бүкіл ел аумағындағы соттардың арасында бөлінеді. Жақып Асановтың айтуынша, бұл – жемқорлыққа қарсы жаңа әдіс.

Мемлекет басшысы қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот процестерінің сапасын арттыруға, сондай-ақ сот кадрларын іріктеуді жетілдіруге бағытталған қадамдар қажет екенін атап өтті.

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-zhogargy-sot-toragasy-zhakyp-asanovty-kabyldady-1171712

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.