Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
Ankara °C

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен кездесті
REKLAM ALANI
06.07.2024
A+
A-

Жаңалықтар

Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухпен кездесті

2024 жылғы

 

https://x.com/aqorda_press/status/1808895964612006295

 

 

Қазақстан Президенті «ШЫҰ плюс» форматындағы отырыстың табысты өтуіне конструктивті үлес қосқаны үшін Ухнаагийн Хурэлсухқа ризашылығын білдірді.

Мемлекет басшысының айтуынша, Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі. Бізді ғасырлар қойнауынан тамыр тартатын ортақ мәдени-тарихи құндылықтар мен дәстүрлер байланыстырады.

 

https://x.com/aqorda_press/status/1808895964612006295

 

 

– Қазақстан мен Моңғолияның ынтымақтастығы өзара құрмет пен қолдау рухында ұдайы нығайып келеді. Елдеріміз арасында сенімді және сындарлы саяси диалог жолға қойылған. Ауқымды шарттық-құқықтық база қалыптасқан, мәдени-гуманитарлық байланыстар кеңеюде. Орайлы сәтті пайдаланып, Қазақстандағы бұрын-соңды болмаған су тасқыны кезінде қолдау көрсеткендеріңіз үшін Сізге және барша моңғол халқына ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, тауар айналымын ұлғайту, көлік-транзит әлеуетін арттыру перспективалары талқыланды. Президенттің айтуынша, қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдалану үшін екі ел үкіметтері сауда-экономикалық ықпалдастықтың жаңа бағыттарын іздегені жөн.

– Қазақстанның Моңғолияға шикізаттық емес тауарлар бойынша экспорттық әлеуеті шамамен 100 миллион долларды құрайды. Осыған орай тауар айналымын 500 миллион долларға дейін ұлғайту жөнінде нақты мақсат қоюды ұсынамын. Бұл ретте біз Қазақ-моңғол іскерлік кеңесін құруға және Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жандандыру жөніндегі жол картасын қабылдауға мүдделіміз, – деді Президент.

 

https://x.com/aqorda_press/status/1808895964612006295

 

 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Моңғолия арасындағы әуе рейстерінің санын арттыру қажет екенін айтты. Сондай-ақ екі ел арасындағы жол жүру уақытын едәуір қысқартатын автомобиль жолын салу мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

Өз кезегінде Моңғолия Президенті Қазақстандағы саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың нәтижесін жоғары бағалады. Сондай-ақ Астананың халықаралық аренадағы рөлі нығайып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, екі ел ортақ құндылықтар мен тарихи тамырластыққа негізделген көпжақты ынтымақтастықты дамытуға тиіс.

Ухнаагийн Хурэлсух Қасым-Жомарт Тоқаевты Моңғолияға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Қазақстан Президенті бұл шақыруды зор ықыласпен қабыл алатынын айтты. Оның пікірінше, алдағы сапар екіжақты қатынастардың жылнамасындағы жаңа кезеңге жол ашады.

Бұдан бөлек, екі ел басшылары көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастық мәселелері жөнінде пікір алмасты.

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaev-mongoliya-prezidenti-uhnaagiyn-hurelsuhpen-kezdesti-46447

 

 

 

https://x.com/aqorda_press/status/1808895964612006295

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.